01
март
2022
Қазақстан Республикасы бойынша Төтенше жағдайлар Департаментінің ұйымдастыруымен дабыл қағылды.
01.03.2022 жылы сағат 10.15-те Қазақстан Республикасы бойынша Төтенше жағдайлар Департаментінің ұйымдастыруымен дабыл қағылды. Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің оқушылары дабыл қағылған кезде далаға шығып, сейсможаттығу өтетін жерге жиналды. Ұстаздар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Шаменоваға төтенше жағдайға дайындық кезінде қатысқан оқушылар туралы рапорт берді. Оқушылар қауіпсіз жерге сапқа тұрды. Сынып жетекшілер оқушылардың қатысуын қамтамасыз етті.



