№196 ЖББ мектебімізде "Сиқырлы құмыраның қызықтары" атты кітапхана сабағы өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №196 ЖББ мектебімізде "Сиқырлы құмыраның қызықтары" атты кітапхана сабағы өтті.
14
март
2022

№196 ЖББ мектебімізде "Сиқырлы құмыраның қызықтары" атты кітапхана сабағы өтті.

14.03.2022 жыл. Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1- сынып оқушылары арасында "Сиқырлы құмыраның қызықтары" атты кітапхана сабағы өтті.
 Мақсаты:  Жаңадан  келген ертегі, көркем әдебиеттерді оқушыларға  таныстыру  және  оқуға  қызығушылығын  арттыру, мүмкіндіктерін ашу   мақсатында  ұйымдастырылды. Мақсаты оқушының  ой-өрісін  дамытып,  ізденіске  және  кітап  оқуға  құштарлықты  арттыру, кітап  оқу  арқылы  оқушының  білімін  арттыруға  үлес  қосу болды. 
Кітапхана сабағына  1-сынып  оқушылары  қатысты. Жаңа келген  көркем  әдебиеттерді, ертегілерді  оқушылар  дауыстап оқыды. Олар "Мулан", "Қарша қыз", "Көліктер", "Аламан  мен  Жоламан", "Жақсылық  пен  Жамандық"  ертегілерін оқыды. 
Кітапхана  сағатында   пайдаланылған  кітаптар: 
 1. «Ертегілер» Ағайынды Гриммдер 
 2 «Күлбике» Ұлттық аударма бюросы  
 3.«Қарша қыз» Ұлттық аударма бюросы  
 4. «Көліктер» Ұлттық аударма бюросы  
 5. «Жануарлар туралы ертегілер» Н.Тобыш
 6. «Әлем  халықтарынан Орда  ертегілері» Айбек  Қуатбай
 7. «Аладин» ертегісі
 8. «Қуырмаш» С.Раева.
 Кітап  дегеніміз – алдыңғы  ұрпақтың  артқы  ұрпаққа  қал­дырған  рухани  өсиеті .  Оқушыларға  биылғы  түскен  кітаптар өте  ұнады,олар кітапқа деген  қызығушылықтарын  арттырды. Бастауыш сыныптары үшін  "Дисней"  баспасының  "Су перісі", "Көліктер" деген  ертегілері  ұнады. Барлығы  28 ертегі мен  көркем  әдебиет  оқуға  ұсынылды. 
Ұйымдастырушы: кітапханашы Бейсебекова М.С.