01
апрель
2022
"Асыл анам - ардағым" атты кітап оқу сағаты өтті.
01.04.2022 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің кітапханасында "Асыл анам - ардағым" атты кітап оқу сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларды жаңа келген кітаптармен таныстыру, кітап жайлы білімін жетілдіру. Білім көзі кітап екенін түсіндіру, оқу мәдениетіне тәрбиелеу. Кітап оқу арқылы оқушының білімін арттыруға үлес қосу, кітапханаға оқырман шақыру.
Оған 1«В» сынып және 2«Б»сынып оқушылары қатысты. Оқушылар көркем әдеби кітаптардағы аналар туралы өлеңдерді дауыстап оқыды. Кітап оқу сағаты балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Балалар іс - шараға белсенді қатысып, жарыса оқыды.
Пайдаланылған кітаптар:
1.«Балаларға базарлық» Е.Елубаев
2.«Керек кітап» Е.Елубаев
3.«Су перісі» Ұлттық аударма бюросы
4.«Қарша қыз» Ұлттық аударма бюросы
5. «Күлбике » "Дисней" баспасы
Барлығы 35 кітап пайдаланылды.
"Кітапхана - барлық білім мен ғылымның қайнар көзі"- деп бекер айтылмаған. Нәтижесінде бірнеше кітап оқырман қауымның үйде оқуына берілді.
Ұйымдастырушы: Бейсебекова М.С.