10
май
2022
"Судағы қауіпсіздік " атты сынып сағаты өтті.
10.05.2022 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 5"Ә", 6"Ә" сынып оқушылары арасында төтенше жағдайларға байланысты "Судағы қауіпсіздік " атты сынып сағаты өтті. Балалардың судағы қауіпсіздігінің негізгі ережесі: Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек.
Кемеге жақын жүзуге болмайды.
Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды.
Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды.
Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек.
Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды.
Қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.
Жауапты сынып жетекшілері Жаналиева Г.А.
Аширова Б.З.
