09
февраль
2022
"Біз, есірткісіз өмірді қалаймыз "
09.02.2022 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 5 - сынып оқушылары "Біз, есірткісіз өмірді қалаймыз " атты эссе жазу іс-шарасын ұйымдастырды. Эссе жазуға қатысқан 5"А" сынып оқушысы Асхатқызы Фердаус және 5"Ә" сынып оқушысы Омар Азаматтың салауатты өмір салтын сақтауда адам өмірінде өз денсаулығы өте маңызды екені, жаман әдеттерден аулақ болуы керек екені эсседе жақсы айтылған.Өмір адамға бір ақ рет беріледі, сол өмірді мәнді, мағыналы, мазмұнды етіп өткізу өз қолыңда! Теріс қылықтарға бой алдырмай , өмірде кездесетін түрлі қиындықтарға мойымай, мақсатыңа жету жолында түзу жүрсең, өмірдің саған берер сыйы аз болмайды. Болашағыңа үлкен сеніммен қарап, ғажайып өміріңді көз алдыңа елестетсең, өте керемет! Әсіресе қазіргі жастардың көпшілігі есірткі деген уытты затқа әуестенбей уақыттарын босқа өткізбеуі керек. Олар теріс жолға түсіп бара жатса ата -анасы, достарының арқасында дер кезінде тоқтап, ертерек түсініп, қоршаған ортасына, айналасындағы жақын жандарға тек қана жақсы, игі істерін арнаса екен. Біз, Қазақстан атты елдің ертеңіміз, Отанымызды көркейтіп дамытуға міндеттіміз, ол үшін уақытымызды білім алуға жұмсап, еңбектенуге үйренуіміз керек-деп аяқтапты эссесін оқушы Асхатқызы Фердаус.