«СММ және таргетке оқыту» тақырыбында 9-сыныптарға арналған тікелей эфир ұйымдастырылды. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «СММ және таргетке оқыту» тақырыбында 9-сыныптарға арналған тікелей эфир ұйымдастырылды.
17
июнь
2022

«СММ және таргетке оқыту» тақырыбында 9-сыныптарға арналған тікелей эфир ұйымдастырылды.

17.06-18.06.2022 жылы «СММ және таргетке оқыту» тақырыбында 9-сыныптарға  арналған тікелей эфир  ұйымдастырылды.  Әлеуметтік желіде өткен тікелей эфирге біздің N196 жалпы білім беретін мектептің  9-сынып оқушылары тыңдарман ретінде қатысып, комментариялар жазып, қойған сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.
Қазақстан студенттерінің альянсы студент жастардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көмектесетін республикалық студенттік ұйым болып табылады. 
ҚСА екінші жыл қатарынан Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және 14 облыстың жоғары оқу орындары, колледж, мектеп түлектеріне арналған «Еңбек нарығындағы қажеттіліктер туралы жастарға ақпараттандыруға, кәсіптік бағдар беруге бағытталған іс-шаралар кешені» жобасын  жүзеге асыруда.
Осы жоба аясында 17-24 маусым аралығында «СММ және таргетке оқыту», «Мамандық таңдауда сын тұрғысынан ойлау» тақырыбында тікелей эфир, «Қазақстандағы жастарға кәсіптік бағдар беру мәселелері және оны шешудің ықтимал жолдары» тақырыбында диалог алаңы, білікті психологтардың мектеп және ЖОО психологтарымен онлайн кездесуі сияқты құрылған жоспар кестесіне сай, іс-шаралар қатары өтеді.
Жауапты: 9-сынып жетекшілері Сыдыкбаева Ф.Н. 
Таттимбетова С.Ж.