"Достық " жазғы ойын -сауық лагері өз жұмысын бастап кетті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Достық " жазғы ойын -сауық лагері өз жұмысын бастап кетті.
03
июнь
2022

"Достық " жазғы ойын -сауық лагері өз жұмысын бастап кетті.

Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1-5 сынып оқушылары арасында өтетін "Достық " жазғы ойын -сауық лагері өз жұмысын бастап кетті. Лагерьдің мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру,  демалыс кезінде оқушылардың денесін шынықтыруы, күш жинауы және  оқушыларды рухани дамуына ықпал ету, қоршаған ортамен танысу, балалардың өзіне деген сенімділігін арттыру. Мектепішілік лагерьде балалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, ойын арқылы достасады.Жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері боп қалуы үшін, лагерьді ерекше өткізу біздің басты мақсатымыз.Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.
Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт -балалардың дүниетаным аясы кеңитін,жақсылық пен ізгілікке  көзқарасы қалыптасып, көп нәрсені  үйренуге  ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.Сондықтан жазғы лагерьдің алғашқы күні -ақ балалар  лагерь ойындарына белсене қатысты.

https://www.facebook.com/100025697012822/videos/5123146104387452/