«Қамқорлық» акциясын өткізу туралы » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы
02
февраль
2019

«Қамқорлық» акциясын өткізу туралы

«Қамқорлық» акциясын өткізу туралы


Мемлекет басшысының балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын және мектеп жасындағы балаларды міндетті оқумен жайлы басқалай нормативтік-құқықтық актілерді, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №3-18-3/55-И хатын орындау мақсатындағы Алматы қаласы білім басқармасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 03-3-4/66 хатының негізінде мектепте бұйрық шығарылып, 10 қаңтардан 10 ақпанға дейін «Қамқорлық» акциясын жүргізу белгіленді. Акция барысында аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсететін демеушілер банкісін жасау, көмек көрсетуге ата-аналарды тарту жұмыстарын жүргізу қарастырылып отыр. Сонымен қатар, мектепте түрлі іс-шаралар: үгіт-насихат жұмыстары, үндеулер тарту, сынып сағаттарын өткізу қарастырылуда. Мектептегі стендті безендіріп, баннер жасап, ілу жұмыстарын жүргізу әлеуметтік педагог М. Жумысбаеваға жүктелді.