Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің.
16
май
2020

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің.

Қайырымдылық жасасаң,Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.№196 жалпы білім беретін мектебінің әкімшілігі ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ көмегін қабыл алып, мектебіміздің көп балалы, әлеуметтік жағдайына байланысты көмекке мұқтаж отбасыларға киімдерді таратты. Киімдер жаңа, сапалы. Ішінде оқушы жейдесінен бастап, сырт киімдерге дейін бар. Ата-аналар тарапынан алғыс айтылып, ризашылық білдірілді.
Мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымы көмек қолын ұсынған ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ, Алатау ауданы Білім бөлімінің қолдауына шын жүректен алғысымызды білдіреміз.