05
октябрь
2021
"Қарттарым-асыл қазынам" атты 1-9 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өтті.
05.10.2021жыл.
Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінің ұйымдастыруымен өткізілетін 1 қазан - Халықаралық қарттар күні айлығы аясында өткен мектепішілік "Қарттарым-асыл қазынам" атты 1-9 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өтті.
Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларда
қарияларымыздың бір кезде халқы үшін және келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алатынын жас ұрпаққа дәріптеу болды. Қазіргі кезде Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікпен тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Қарттар күні -саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға - апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары -бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі.Қариялар - халқымыздың өткені мен бүгіні,тұнып жатқан тарихымыз."Қарттары бар елдің- қазынасы" бар деген аталы сөз осыдан қалса керек.
Әр халықтың бойынды ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі — үлкенді сыйлау,оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы ,сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Осындай теңеуге лайық қарияларды жылдың қай мезгілі болса да құрметтеуіміз керек.
https://web.facebook.com/100025697012822/videos/586016955924570/