"Жолда жүру ережесі" тақырыбында сынып сағаттары өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жолда жүру ережесі" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
17
ноябрь
2021

"Жолда жүру ережесі" тақырыбында сынып сағаттары өтті.

17.11.2021 жылы  N196 жалпы білім беретін мектептің 1,2,4,6 сыныптары арасында  Жолда жүру ережесі тақырыбында сынып сағаттары  өтті.  Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтау, жол ережесінің  белгілерімен жүре білуге үйрету және оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында өткен сынып сағатында оқушыларды көшеден өткенде арнаулы жерден, жасыл жанғанда ғана немесе реттеушінің белгісін күтіп,
жол қиылысында аса абай болып,көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүру туралы түсініктер берілді. Көшелер мен жолдарда шанамен сырғанап ойнамау,, бағдаршамға қарауды ұмытпау және жолдан өтер кезде алдымен сол жағына содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяу жүру жолымен өтуге,
көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспеу  және ілісіп кетпеу сияқты кеңестер берген сынып жетекшілер оқушылардың жолда жүру ережелерін дұрыс білуге , әрқашан жолда жүргенде сақ болуды үйретті.
Ұйымдастырушылар:
Аширова З.А.
Акназарова Н.Б.
Иманасова А.
Кулмырзаева А.