20
январь
2022
N196 жалпы білім беретін мектептің 4"А" сынып оқушыларына арналған «ӨРТ СӨНДІРУДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚҰРАЛДАР» атты сынып сағаты өтті.
20.01.2022 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 4"А" сынып оқушыларына арналған «ӨРТ СӨНДІРУДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚҰРАЛДАР» атты сынып сағаты өтті.
Қазіргі замандағы бастапқы өрт сөндіру құралдарымен танысу, өрт сөндіруші құралдарының түрлері мен жіктелуін оқып білу, сондай-ақ оларды әрекетке келтіруді үйрену мақсатында өткен сынып сағатында
өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес ғимараттар мен мекемелер бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек екені ,өрт қауіпсіздігін сақтау үшін қарапайым ережелерді білу керек екені айтылды.
Оқушылар өрт қауіпсіздігіне байланысты көптеген мағлұматтар алды. Сонымен қатар, 3"Ә" сынып оқушылары арасында ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу,оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу, өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру,сөздік қорларын байыту мақсатында ұйымдастырылды.
Жауапты:
Ельшибекова Г.Е.
Раймкулова Ф.Б.


