12
февраль
2022
"Тәуелсіздік жаршысы -мемлекеттік рәміздер " атты сурет салу іс-шарасы өтті.
12.02.2022 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 6-7 сынып оқушылары арасында "Тәуелсіздік жаршысы -мемлекеттік рәміздер " атты сурет салу іс-шарасы өтті. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту, оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру, оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер- біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей еліміздің аспан әлемінде қалықтап тұр.
Ұйымдастырушы: көркем еңбек пәнінің мұғалімі Айты А.И.
