"Достық "жазғы ойын -сауық лагері. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Достық "жазғы ойын -сауық лагері.
15
июнь
2022

"Достық "жазғы ойын -сауық лагері.

15.06.2022 жыл.Алатау ауданы  N196 жалпы білім беретін мектептің 1-4 сынып оқушылары "Достық "жазғы ойын -сауық лагеріне қатысып, жаз мезгілі кезінде
түрлі-түсті қағаздардан аппликациялар,бұйымдар жасап уақыттарын көңілді өткізді. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.Лагерде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері өте көп.
Жазғы маусымдық лагерлерде балалармен жүргізілетін жұмыс алуан түрлі болуы мүмкін. Олар:
- Спорттық, ұлттық, танымдық және ұлттық ойындар.
-Алғырлық, зерделік  сайыстары да ұйымдастырылады. Осы орайда оқушылар қолөнер жұмысымен айналысып, информатика пәнінің қызықты ойындарымен танысты.
Ұйымдастырушылар:
Айты А.И. 
Жакеева Ж.