Кітап көрмесі » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кітап көрмесі
11
апрель
2023

Кітап көрмесі

Алматы қаласы Алатау ауданы №196 ЖББМ мектеп кітапханасында "Бірлік пен бейбітшілік рәміздер" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Бейбітшілік кіндігі», «Қазақстан және әлем елдері», «Қазақстан халқы Ассамблеясы-Ел тарихында», «Достық аясы кең» және басқа да кітаптар жайында оқушыларға таныстырылды. Көрме барысында оқушыларға ежелгі дәуірден бастап елтаңбалар мен тулардың пайда болу тарихы туралы видео көрсетілді.
Мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Тәуелсіздік жайында түсінік беру. Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу. Ынтымақтыққа, дос болуға үйрету.
«Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» атты кітапхана көрмесіне орай мектеп кітапханасында 3 «Ә», 3 «В», 3 «Д», 4 «Ә», 4 «Е» сыныптар оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Оқушыларға ұлттар достығы туралы түсінік беру. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық дәстүрлерін, мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Патриоттық сезімдерін ояту.
Сынып жетекшілері: Аканова Г.Б.; Бегимбетова Ж.; Мачжон Ф.В.; Раймкулова Ф.Б.; Акишева Н.
Кітапханашы: Тугельбаева А.К.
 https://www.instagram.com/reel/Cq5Gx76AMVZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==