15
март
2022
"Қош келдің, Әз Наурыз!"
Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 2"Б" сынып оқушылары арасында "Қош келдің, Әз Наурыз!" атты сынып сағаты өтті. Наурыз мерекесі туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Ұлыстың Ұлы күні екенін ашып көрсету, оқушылардың санасына халықына деген мақтаныш сезімін ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей білуге дамыту;
мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасын ашу , адамгершілікке, елін, Отанын сүюге және оқушыларға қазақ халқының Ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өтті. Оқушылар алда келе жатқан мерекемен құттықтап,өз тілектерін жеткізді.
Ұйымдастырушы: сынып жетекшісі Мұғалбекова С.А.
https://web.facebook.com/100025697012822/videos/652792042608748/