Елдің ертеңі еңселі болсын десек, бала тәрбиесіне,ұрпақтың таным -парасатына жіті мән беруіміз керек. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Елдің ертеңі еңселі болсын десек, бала тәрбиесіне,ұрпақтың таным -парасатына жіті мән беруіміз керек.
09
октябрь
2021

Елдің ертеңі еңселі болсын десек, бала тәрбиесіне,ұрпақтың таным -парасатына жіті мән беруіміз керек.

Елдің ертеңі еңселі болсын десек, бала тәрбиесіне,ұрпақтың таным -парасатына жіті мән  беруіміз керек. Осындай  жауапкершіліктің басым бөлігі ұстаздар қауымына артылатыны сөзсіз.
 Қандай да жетістікке жете қалсақ,көңілі толқып  қуанатын да,көш артында  қалып қойсақ жабырқап күйінетін де- мұғалім. Осыған орай ұстаздардың кәсіби мерекесінде жылдар бойы шәкірт үшін аянбай еңбек етіп жүрген ұлағатты  ұстаздарды Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлы Құрмет грамотасымен марапаттады. Еңбегі еленгендердің тізімінде   «№196 жалпы білім беретін мектептің  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шаменова Анипа Бурибаевна да бар. Анипа апай осы ұжымда еңбек жолын  2014 жылы бастаған болатын.  Кәсіби шеберлігімен,ұйымдастырушылық қабілетімен  мектептің тасын өрге  домалатып жүрген  А.Шаменоваға  ұжым басшысы да, әріптестері де дән риза. Марапатыңыз   құтты болсын ардақты ұстазымыз Анипа апай!!Деніңізге саулық,отбасыңызға  амандық,кәсіби жолда толағай табыстар  тілейміз!

https://www.facebook.com/100025697012822/videos/pcb.965941207605771/2879483215682762?__cft__[0]=AZVWzK7yo-RVrL1iqU7VwKx1TPcx9Nv3OGYFYHyKwYThtvgyAQwJbLM_ohJPnqE-6Ia_WYuGu1O12ldx_6dkUJjbJjrwC6U3xXanjt0D2Zj4hB1LEx26tIF38dbzOnDIQkA&__tn__=*bH-R