Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп, қажымас қайраттылық көрсеткен ұстазымыз әрқашан жадымызда сақталады. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп, қажымас қайраттылық көрсеткен ұстазымыз әрқашан жадымызда сақталады.
08
октябрь
2021

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп, қажымас қайраттылық көрсеткен ұстазымыз әрқашан жадымызда сақталады.


Ардагер ұстаз, N196 жалпы білім беретін мектептің  бастауыш  сынып мұғалімі болып ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Косоумасова Галина Симбекқызын 6"В" және 4"Б"сынып  оқушылары Панин Руслан,  Арбуду Камал және Арбуду Сапфира және сынып жетекшісі  Барбелюк Наталья Александровна 1қазан -Қарттар күнімен құттықтады.Ардагер ұстаздың үйіне барған олар білім шаңырағына айналған оқу орнында яғни, N196 жалпы білім беретін мектептің қалыптасуы мен өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі ерекше құрметке лайық ұстазын ұмытпаған дарын, мерекесімен құттықтауға келгендерін айтты. Сонымен қатар,Галина Симбекқызының осы мектепте оқып бітірген шәкірттері де келіп сүйікті ұстазына гүл шоқтарын ұсынды. 
Талай жасты тəрбиелеп, ізбасарларын  өсірген, шәкірттері Галина Симбекқызының тағылымды, өмірлік тәжірибелерін жоғары бағалайды.Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп, қажымас қайраттылық көрсеткен ұстазымыз әрқашан жадымызда сақталады.
Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа ардагер ұстаздың еңбек жолы өнеге, әрі үлгі.
Ұстазымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз!

                       https://www.facebook.com/100025697012822/videos/620620822438876/