«Қазақстан халық жазушысы Шерхан Мұртаза – 90 жаста» атты кітап көрмесі өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан халық жазушысы Шерхан Мұртаза – 90 жаста» атты кітап көрмесі өтті.
29
сентябрь
2022

«Қазақстан халық жазушысы Шерхан Мұртаза – 90 жаста» атты кітап көрмесі өтті.



Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 5-10 сыныптар арасында мектеп кітапханасында «Қазақстан  халық  жазушысы  Шерхан  Мұртаза – 90 жаста» атты  кітап  көрмесі өтті.
Мақсаты:  Қазақстан  халық  жазушысы  Шерхан  Мұртаза  өмірі  мен шығармашылығы  жөнінде  түсінік  беру, оқырманды  кітап оқуға  ынтасын арттыру, сөз өнерінің  қыр- сырымен  таныстыру. Оқырманды  кітапханаға тарту.  Оқушыларға  жазушының  шығармашылығы  жөнінде  қысқаша  мағлұмат  айтылды. Мылтықсыз  майданның  батыры  атанған  Шерхан  Мұртазаның  талайды  таңдандырған  шығармаларынан  шындықтың  шынайы  жүзін  көруге  болады.
Көрмеге төмендегі кітаптар пайдаланылды:
1. «Ай мен Айша»  Шерхан Мұртаза 
2. «Мылтықсыз майдан» Шерхан Мұртаза
3.«Соғыстың соңғы жесірі» Шерхан Мұртаза
4.  Шерхан Мұртаза туралы  басылымдары
Барлығы - 32 кітап, кітапша пайдаланылды.
Қорытынды: Шерхан  Мұртазаның  шығармалары күрделі емес - қарапайым,  ойдан шығарылмаған, өмірден  алынған. Қаламгер  оқырманнан  ештеңе  жасырмай, бір дәуірдің  трагедиясын  қаз қалпында  суреттеп, тайға таңба  басқандай ашып  көрсетеді.Балалар  Шерхан  Мұртазаның  шығармалары  арқылы  тәрбие, өнегені бойларына қалыптастырды.  Оқушы  қауым  көрмедегі  кітаптарды, журналдарды оқуға  алды. 
 Кітапханашы                                   Бейсебекова М.