"Қарттарым асыл-қазынам" атты қарттармен кездесу мерекелік концерті » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қарттарым асыл-қазынам" атты қарттармен кездесу мерекелік концерті
20
октябрь
2022

"Қарттарым асыл-қазынам" атты қарттармен кездесу мерекелік концерті


Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 8,9,10 -сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Дүнижүзілік қарттар күні" айлығы аясында "Қарттарым асыл-қазынам" атты қарттармен кездесу мерекелік концерті 19.10.2022 жылы сағат 14.00- де  өтті.
Іс-шараның мақсаты:
жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Рахат, Мәдениет" ықшам аудандарының тұрғындары Ергожаев Аканжан, Литвиченко Валентина және Кәбет Күлшира есімді 
ата-әжелер  мерекелік кештің құрметті қонағы болды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Аукалиев Мухтар Серикканович мерекелік концертті 
ашып, бүгінгі  қарияларымыздың  бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алатыны, қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарт кісілерге үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты қамқорлық жасалынып жатқанын және  Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір сүруіне өз үлестерін қосқан қарттарға   саналы ғұмырларын Отан деп тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесімен құттықтады. 8-10 сынып оқушылары қарияларға өз өнерлерін көрсетті.Келген қонақтар жүрекжарды тілектерін білдірді. 
 Жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болған ата-әжелерге  зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Іс-шараны ұйымдастыруда ат салысқан сынып жетекшілер:   Джанузакова  К.Р Кулагулова Б.Н. 
Телеуханова А.С. 
Жумысбаева М.К.
Омарова Н.Т.

https://www.facebook.com/reel/646654333835177