24
октябрь
2021
"Ақылды қария-ағып жатқан дария" атты қарттармен кездесу кеші
Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімінің 1 қазан -Қарттар күні айлық жоспарына сәйкес N196 жалпы білім беретін мектепте "Ақылды қария-ағып жатқан дария" атты қарттармен кездесу кешін 4"А" және 4"Ә" сынып оқушылары ұйымдастырды.
Қарттарды құрметтейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсету сынды қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұялаған ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткен салтанатты кешке ауданымыздың қарттары қатысты. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп түсінетін кішкентай бүлдіршіндер келген қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, қарияларға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Ұйымдастырушылар 4 сынып жетекшілері Ельшибекова Г.Е, Акназарова Н.Б.
https://www.facebook.com/profile.php?id=100025697012822