N196 ЖББМ » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
октябрь
2021

N196 ЖББМ



Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп,төл мерекеміз «Ұстаздар күні» де келіп  жетті.Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы,Отанын, туған жерін, ұлтын  сүйетін ұлтжанды,парасатты азаматтар тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі зор. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол-мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді. Осындай еңбектеріңіз үшін мың алғыс сіздерге ардақты ұстаздар!  Шәкірттік сезіммен зор алғысымызды білдіре отырып, шалқар шабытыңыз шыңдалып, күш – жігеріңіз еселеніп, еңбегіңіз еленіп, атақ-абыройыңыз асқақтай беруіне тілектеспіз! 
Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!  Шәкірттердің санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықыласын  оқушылары арнайды.Қабыл алыңыздар!

https://www.facebook.com/100025697012822/videos/1019513398885490/