Ашық есік күні » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық есік күні
22
апрель
2023

Ашық есік күні

Алатау ауданы №196 жалпы білім беретін мектепте 22.04.2023 жылы сағат 10.00-12.00-де отбасы мен мектеп арасында ықпалдастықты арттыру, шәкіртке білім мен тәрбие беруде ортақ мақсатта бірлесе еңбек етуге жол ашатын «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Баланың білімі мен тәрбиесіне аса көңіл бөлетін ата-аналар осындай іс-шараға үлкен ризашылықпен қарап, мұғалімдермен ашық диалог құру үшін мектепке келді. Мектеп әкімшілігі ата-аналардың көкейкесті сұрақтары мен ой-пікірлерін тыңдап, көптеген мәселелер мектеп пен ата –ана арасындағы ынтымақтастығының беріктігінен оң шешімін тапты. Әр оқу кабинеттерінде ерекше дайындықпен, жайдары жүзбен қарсы алған мектеп ұстаздары әр ата-анамен жеке пікірлесіп, баласының мектептегі тәлім –тәрбиесі, білім алуда көрсеткен көрсеткіші, баланы жетістікке жетуі үшін бірлесіп жасалатын жұмыстар туралы сұхбат жүргізді. «Ел ертеңі -болашақ ұрпақта» десек, еліміздің дамуына үлес қосатын жас жеткіншектерге білім мен тәрбие беруде ата-ана мен мұғалімнің қарым-қатынасын нығайтатын осындай іс-шара баланың болашағы үшін маңызды екені анық. Сондықтан бұл іс-шара жыл сайын өткізіледі.
https://www.instagram.com/reel/CrVPgdJAtGr/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==