Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Отбасылық таңғы жаттығулар "
10
февраль
2022

"Отбасылық таңғы жаттығулар "

Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 3 "А" сынып оқушылары "Отбасылық таңғы жаттығулар "  атты челендж өткізді.Таңертеңгілік жаттығудың негізгі ерекшеліктерінің бірі-балалардың оларды орындауға жауапкершілікпен қарауы. Жаттығу барысында дем алу мен дем шығару үйлесімділігін сақтау да жаттығуды дұрыс жасаудың негізгі шарттарының бірі екенін балаларға үйрету міндетті болып саналады. Балалардың  таңертеңгі жаттығуды тез есте сақтап алуы- негізгі шарттарының бірі.Әдеттегідей, жаттығу шамалы жүруден және жеңіл жүруден басталады, содан кейін барып балалар жалпы жетілдіруші жаттығуларды орындау үшін сапқа тұрады.Отбасы мүшелерімен таңғы жаттығу жасау - бала үшін өте маңызды. Отбасындағы үлкендердің жасаған жаттығуларына қарап бала соны қайталайды және челенджге өзімен бірге қатысып жатқандары үшін кішкентай жүрегін қуаныш кернейді, жауапкершілігі артады.
3"А" сынып оқушылары бұл челенджді мектебіміздің 4-сынып оқушыларына арнайды.
Ұйымдастырушы: сынып жетекшісі  Касенова А.О.

               https://www.facebook.com/100025697012822/videos/462232591932045/