08
февраль
2022
" Отбасылық таңғы жаттығулар"
08.02.2022 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1 "Д", "Е" сынып оқушылары " Отбасылық таңғы жаттығулар" челендж ұйымдастырды. Өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамыту, отбасылық құндылықты арттыру мақсатында өткізді.Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және кұні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, қабілеттілігі артады. Осы челенджді 1-сынып оқушылары мектебіміздің 2-сынып оқушыларына жолдайды.
Ұйымдастырушы: сынып жетекшісі Джамалова М.Р.