1 қазан-Қарттар күні айлық жоспарына сәйкес, қарттардың үйіне барып,кездесу өткізді. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қазан-Қарттар күні айлық жоспарына сәйкес, қарттардың үйіне барып,кездесу өткізді.
23
октябрь
2021

1 қазан-Қарттар күні айлық жоспарына сәйкес, қарттардың үйіне барып,кездесу өткізді.

23.10.2021  жылы Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімінің 
1 қазан-Қарттар күні  айлық жоспарына сәйкес N196 жалпы білім беретін мектептің оқушылары Рахат ықшамауданында тұратын қарттардың үйіне барып,кездесу өткізді. Олар барған үйдің қариясы  қуана қарсы алып, ризашылықтарын білдірді. Оқушылар қарттарды қуантып, өлең оқып беріп және құттықтау лебізін білдіріп қайтты.Оқушылар қарттардың үйіне өз сынып жетекшілерімен бірге барды. Жүздері бал-бұл жанған шәкірттерді көрген қариялар қуаныштан марқайып қалды.Өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат  алуға үйрену, балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу мақсатында өткен  кездесулер жылда ұйымдастырылатын  дәстүрге айналмақ. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Қарттардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл - кеңестері, тәлім - тағылымдары біз үшін орны бөлек.Әрқайсысы  осы Рахат ықшамауданы өсіп - өркендеуіне қосқан үлестері  мен  еңбектері  зор. Талай жасты тәрбиелеп ізбасар етіп  өсірген қарттар  еңбектерінің зейнетін көріп отырған шақта  ұрпақтары ешқашан оларды ұмытпайды.

https://www.facebook.com/profile.php?id=100025697012822