Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Отбасылық таңғы жаттығулар "
09
февраль
2022

"Отбасылық таңғы жаттығулар "

Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 3 "А" сынып оқушылары "Отбасылық таңғы жаттығулар "  атты челендж өткізді.Отбасында таңғы жаттығу жасауды дағдыға айналдыру арқылы баланың  денсаулығының мықты, ерік-жігерінің мығым болуына көмектеседі.Таңертең ұйқыдан кейін организмнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін дене жаттығулары болып табылады.Таңертеңгілік жаттығулардың мақсаты - балаларды дұрыс қимылдауға үйрету, балалардың кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылдарды айқын, дәл, үйретуші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындау дағдылары болып саналады.Әр баланың қимылы қасындағы адаммен  үйлесуі жаттығу барысында анықталады.Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл- күйін көтереді, сергітеді, оларды келесі оқу іс-әрекетке даярлайды.Баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасындағы баланың балалық шағында  қаланады. Сондықтан отбасылық таңғы жаттығуларды баламен бірге жасау маңызды, отбасындағы үлкендерге еліктеп өсетін бала - таңғы жаттығу жасауды да кейін жақсы  әдетке айналдыратыны сөзсіз.
Бұл челенджді 3"А"сынып оқушылары 4-сынып оқушыларына жолдайды.
Ұйымдастырушы: сынып жетекшісі  Касенова А.О. 

       https://www.facebook.com/100025697012822/videos/523762215667836/