«Өмір-маған берілген үлкен сый» тақырыбында семинар-трениг өткізді. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өмір-маған берілген үлкен сый» тақырыбында семинар-трениг өткізді.
20
октябрь
2021

«Өмір-маған берілген үлкен сый» тақырыбында семинар-трениг өткізді.

2021 жылдың 20 қазан күні   оқушылардың өмірге деген құштарлығын арттыру мақсатында  9  сынып оқушыларымен педагог-
псиолог С.Ж.Орманова семинар-трениг ұйымдастырды. 
   №29 қалалық емхананың психологтары А.Т.Алемова және У.С.Жумабаева 9 сынып оқушыларына «Өмір-маған берілген үлкен сый» тақырыбында семинар-трениг өткізді. Тренинг барысында, стресстік жағдайлардан арылу, өмірге құштарлығын ояту, эмоциялық күйді баланста ұстау, өмірдің құндылықтарын бағалау бойынша жаттығулар жасады. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген жеке пікірлерін ортаға салды. Кері байланыс орнатылды. Оқушылар белсенді қатысып, тренинг қызықты өтті.      
     Мектеп психологы С.Ж.Орманова бүгінгі күнде  адам өзін-өзі тәрбиелеп, алдына мақсат қоя білуі керек екендігін айтты. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып,“өз өмірім өзіме құнды”деген қағиданы басты назарда ұстауымыз қажеттігін түсіндірді. Бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сыйды бізге сыйлаған ең қымбат адамдарымыз, ол біздің ата – анамыз. Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек. Егер бізге анамыз осындай баға жетпес сый сыйласа, бізде оған лайықты өмір сүруге тиіспіз. Біреуге ренжіп, біреуді кінәлап, мін тағу дұрыс емес.Өмірдегі қайғыны, қиындықты, сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа, жақсы ойлар ойлау керек. Қайталанып келмейтін, Алланың берген сыйын адамгершілік, имандылықпен неге өткізбеске? деп,       
қорыта келе оқушыларға  барлық әрекетін ой елегінен өткізіп, өз өмірі мен тағдырына жауапты болуға шақырды. Өйткені, қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге адамның өзі кінәлі екенін түсіндірді.