Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Отбасылық таңғы жаттығулар"
08
февраль
2022

"Отбасылық таңғы жаттығулар"

10.02.2022 жылы.
Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 3"А" сынып оқушылары "Отбасылық таңғы жаттығулар"атты челендж өткізді.Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, қабілеттілігі артады.Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады.таңертеңгілік жаттығуды бірден ұйқыдан кейін емес, бір шама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды бірыңғай тәртіпке, жинақылыққа үйретеді.Бұл челенджді 3"А"сынып оқушылары 4-сынып оқушыларына жолдайды.
Ұйымдастырушы: сынып жетекшісі  Касенова А.О. 

https://www.facebook.com/100025697012822/videos/pcb.1040313380168553/1163157277826858?__cft__[0]=AZUxv_Ik5m16Lv1BhXA6qCjMZ9pJMLQEfaAcc5P8EnHwVBmpE1f_G8FCSH9DdtOLgfDs10YWwiuosx8CwkCrEOkQwJjlYVwFflL4Zl7TSC1XCUl_fakNN4_5V47Yw-FOQvs&__tn__=*bH-R