07
февраль
2022
"Отбасылық таңғы жаттығулар "
10.02.2022 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 3 "Ә" сынып оқушылары "Отбасылық таңғы жаттығулар " атты челендж өткізді.Қимыл-қозғалыс баланың кез-келген іс-әрекетінің негізін құрайды. Физикалық жаттығулар дене тәрбиесінің негізі болып табылады. Таңертеңгі жаттығу денсаулықты нығайтуға, организмді жетілдіру мен шынықтыруға,жұмыс қабілетін арттыруға жақсы әсер етеді. Таңертеңгі жаттығудың ерекшелігі- балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Жаттығу жасауда ерекше міндеттер қойылады: бала организімін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тыныс және де басқа да функцияларының қызметін белсендендіру, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету болып табылады. Осыған орай, 3 "Ә" сынып оқушылары бұл челенджді мектебіміздің 4-сынып оқушыларына жолдайды.
Ұйымдастырушы: сынып жетекшісі Раймкулова Ф.Б.
https://www.facebook.com/100025697012822/videos/pcb.1040268360173055/963396317915270?__cft__[0]=AZWqslRvyYG9khkQS0bHZ4PECwnCuWJ6UKGiEpxdMDvOFn_9E2fXOc_AI4-TEq56hOAE_RGv_Wt0vFnHg5Syn9P6zGjXxIYV68Pz3-uu0Lsznym3u1QZh-5jiUB1E3llYKc&__tn__=*bH-R